Последнее обновление

(Время обновление 1 неделю назад)
Президент Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Президент Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Президенттің құттықтауы Ақорда баспасөз қызметі арқылы жарияланды.

"Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы. Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді", – деді Тоқаев.

Президент мереке барша халыққа тыныштық, береке және молшылық әкелуін тіледі.

You Might Also Like

Новости

Реклама