
- 07 июн. 2025 08:08
- 27
400 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған: МӘМС төрағасының орынбасары Ғалымжан Әбілов қамауға алынды
400 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған: МӘМС төрағасының орынбасары Ғалымжан Әбілов қамауға алынды
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қоры басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Әбілов аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді.
Тергеу деректеріне сүйенсек, қаражат жымқыру фактісі "Damumed" ақпараттық жүйесіне Өскемен қаласы тұрғындарына көрсетілді деп жалған медициналық қызметтер енгізу арқылы жүзеге асқан. Нақтысында ешқандай қызмет көрсетілмеген 30 мыңнан астам жалған тіркеу анықталған.
Бұдан бөлек, Ғалымжан Әбілов жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласқан. Ол жымқырған қаржыны қымбат мүлік сатып алу арқылы заңдастырды деген де күдікке ілініп отыр.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.