
- 07 июл. 2025 14:47
- 31
Президент Тоқаев ұлттық құраманың боксшыларын жеңістерімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсеткен ұлттық құраманың боксшыларымен кездесті. Президент спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
– «Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жүлдегерлер қатарында:
- Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан, Бекзат Нұрдәулетов, Виктория Графеева
- Нұрбек Оралбай
- Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова бар.
Президенттің бұл кездесуі – спортшылардың еңбегіне берілген жоғары баға ғана емес, ел спортына көрсетілген тұрақты қолдаудың белгісі.