
- 03 июл. 2025 12:03
- 20
Астанадағы элиталық мектепте 900 млн теңге жымқырған: директор мен бас есепші қамауға алынды
Астанадағы элиталық мектепте 900 млн теңге жымқырған: директор мен бас есепші қамауға алынды
Астанадағы №81 Astana English School халықаралық мектебінде ірі көлемдегі қаржы жымқыру дерегі анықталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, оқу ордасының бұрынғы директоры мен бас есепшісі 900 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденген деген күдікке ілінді.
Тергеу барысында мынадай жайттар белгілі болды:
- Ата-аналардан дайындық сыныптары мен жазғы лагерьге ақшалай төлемдер алынып, олар мекеменің ресми шотына емес, жеке пайдаға жұмсалған;
- Шамамен 16 млн теңге ешқашан мектепте жұмыс істемеген жалған қызметкерлердің атына аударылған. Бұл тізімде күдіктілердің туыстары да бар;
- Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа 382 млн теңгеге мүлік сатып алынған: коттедж, екі пәтер мен автокөлік.
Қазіргі таңда бұл мүлікке соттың санкциясымен тыйым салынған, ал екі күдікті қамауға алынған. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.