Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Путин ядролық соғыс бастаймыз деп қорқытты

13 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің ядролық соғысты бастауға техникалық дайын екенін айтты. «Әскери-техникалық тұрғыдан алғанда, біз, әрине, дайынбыз. Олар (яғни, ядролық күштер) үнемі жауынгерлік әзірлік жағдайында», - деді Путин тележүргізуші Дмитрий Киселевке берген сұхбатында.

 

Ресей Федерациясының басшысы атап өткендей, осы уақытқа дейін Украинаға қарсы соғыста тактикалық ядролық қаруды қолданудың қажеттілігі болмаған. Киселев Путиннің басына неге мұндай ой келмегенін сұрады. «Жоқ, неге?» деп жауап берді Ресей басшысы.

 

Путин егер Ресейдің мемлекеттік шекарасына, егемендігі мен тәуелсіздігіне қауіп төнсе, бұл ел ядролық қаруды қолдануға мәжбүр болатынын атап өтті. «Біздің стратегиямызда бәрі жазылған, біз оны өзгерткен жоқпыз», - деп қосты Путин.

 

Путиннің айтуынша, ресейлік ядролық үштік қазіргі уақытта әлемдегі ең заманауи болып табылады. Америка Құрама Штаттары да ядролық әлеуетін дамытуда. Оның үстіне олар ядролық сынақтар жасаса, Ресей де солай жасайды.

 

«АҚШ-тың ядролық сынақтарын өткізу мүмкіндігі жаңа оқтұмсықтар пайда болған кезде, кейбір сарапшылардың пікірінше, оларды тек компьютерде сынау жеткіліксіз, оларды табиғи түрде сынау қажет. Бұл АҚШ-тағы белгілі бір ортадағы идеялар, олар қалқып жүр, олардың орны бар. Біз бұл туралы білеміз. Біз де бақылап отырмыз», - деді Путин.

 

Бірақ, біздің пікірінше, Путин ядролық қаруды пайдалануға бармайды. Соған бірнеше себептер бар.

Бірінші себеп – Путиннің сыртқы саясатының негізі – бос былшыл (блеф). Сіз ұзақ уақыт «блеф» жасай аласыз, бірақ, уақыт өткен сайын олар сізге сенуден қалады. Путин «ресейліктермен бірге жұмаққа баруға» дайын екенін айтты. Бірақ, қазір ол өзінің осы сөзін ұмытты. Әрі өзі де жұмаққа ұмтылмайтыны анық.

Екінші себеп – Украина жорығы Ресей армиясының әлсіздігі мен осалдығын көрсетті. Екі жыл астам уақыт өтті. Кремльдің әуелдегі жоспарының тас-талқаны шықты. Ал украиндар біртіндеп Ресей қорғанысын зерттей бастады. Сәтті қарсы шабуылдарға шықты.

Үшінші себеп – АҚШ-тың ескертуі. Путин ядролық соғыс туралы айта бастағаннан кейін АҚШ-тан ескерту алды. АҚШ баспасөзі жазғандай, Путин тактикалық ядролық қару қолданылған жағдайда оның Ресей аумағындағы барлық бункерлері жойылатынын ескертілді. Ал Ресей аумағында ондай бункерлердің оншақтысы бар.

Төртінші себеп – Ресей армиясының күш-қуаты, жеңілмейтіндігі туралы күні-түні айтылды. Бірақ Украинадағы соғыс бұл доктринаға күмән келтірді. Сонымен қатар, НАТО әскерлерінің күші жойылған жоқ. «Әлемнің екінші армиясы» деп аталатындар НАТО әскерімен күш сынасқысы келуі екіталай.

Осылайша, Путиннің «қызыл түймені басуға» батылы бармайды. Путиннің өзін-өзі сақтау инстинкті жеткілікті дамығандықтан, оның ядролық мәселеде басқа елдердің күшін сынауы екіталай.

 

 

You Might Also Like

Новости

Реклама