tengrinews.kz
- 13 февр. 2026 09:00
- 46
Қамшыбек Ташиев Қырғызстанға оралды
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Камшыбек Ташиев елге оралды. Ол 13 ақпанға қараған түнде «Манас» халықаралық әуежайына келгені хабарланды. Журналистер одан сұрақ қоюға үлгермеген.
Бұған дейін Ташиевтің жақтастары саясаткердің емдеу курсы аяқталмағанына қарамастан, Қырғызстанға оралу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған.
Еске сала кетейік, 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Камшыбек Ташиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған болатын.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров бұл қадамның басты мақсаты – мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамда, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасында іріткінің алдын алу екенін атап өткен.
Кейінірек президенттің баспасөз хатшысы Ташиевтің өзі емес, оның жақын айналасындағы адамдардың әрекеттері шиеленіс тудырғанын нақтылады. Олар депутаттарға хабарласып, «генералдың жағына шығуға» және «президент сайлауын қайта бастауға» шақырған.
Ташиевтің өзі президенттің рұқсатымен бұрынғы отаудан кейінгі тексеру үшін шетелге шыққанын айтты. Қызметінен босатылу туралы шешім өзі үшін күтпеген жағдай болғанын атап өтті. Дегенмен, мемлекет басшысының шешімін орындау керектігін баса айтты.