Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
"Қанша жыл өтсе де, мені ұмытпайды": Мақпал Жүнісоваға экс-әкімнен ерекше сыйлық келді

Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға Алматы және Жамбыл облыстарын басқарған экс-әкім Серік Үмбетов соғым сыйлады. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желісінде бөлісіп, ризашылығын білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерекше сыйлық

Мақпал Жүнісова Серік Үмбетовті өзінің ерекше құрметтейтін «ағасы» деп атап, оның үнемі қамқорлық танытып, қолдау көрсетіп отыратынын айтты. Әншінің айтуынша, экс-әкім оны «қанша жыл өтсе де ұмытпайды».

«Міне, Серік ағамыз жіберген соғым. Қазысын көріңіздер! Серік Үмбетов – мен ерекше құрметтейтін, сыйлайтын ағам. Зәкең де оны қатты сыйлайтын. Қанша жыл өтсе де мені ұмытпайды. Жеңгеміз екеуі үнемі көмектесіп тұрады. Алла разы болсын. Мәке, ас болсын! Концерт алдында бір қазы жеп алайын деп отырмын», – деп әзілдеді әнші.

Мақпал Жүнісова туралы

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова – қазақ эстрадасының танымал тұлғасы. Ол 1963 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы Теректі ауылында дүниеге келген. 1981 жылдан бері «Қазақконцерт» бірлестігінің солисі ретінде сахнада.

Әнші 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның Халық әртісі атағын алған. Ол лирикалық сопрано дауысымен танылып, халық әндерін, романстар мен джаз шығармаларын орындап келеді. Қазіргі таңда «Қазақ эстрадасының примадоннасы», «Орта Азия бұлбұлы» атанып жүр.

Новости

Реклама