Photo: cottonbro studio (https://www.pexels.com/@cottonbro) / Pexels
- 22 февр. 2026 17:00
- 16
"Қанша уақыт жатқанын білмеймін...": Атырауда 70 жастағы зейнеткердің өліміне күдікті ретінде жұбайы ұсталды
Атырау облысында 70 жастағы зейнеткердің өліміне қатысты күдікті ретінде оның азаматтық некедегі жұбайы ұсталды. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үйінің шаруашылық құрылысынан табылды
70 жастағы Капиталина Симанькованың мәйіті Доссор ауылындағы үйінің шаруашылық құрылысынан табылған. Марқұмның туыстары оның қанша уақыт бұрын қайтыс болғанын нақты білмейтінін айтты. Бұл жайтты құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
Айта кетейік, Капиталина Симанькова 13 қаңтардан бері хабарсыз кеткен болатын. Ол азаматтық некедегі жұбайы Владимир Маловпен бірге тұрған.
Полиция тергеуді бастады
19 ақпанда Мақат ауданы полициясына 73 жастағы әйелдің жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары зейнеткердің үйі мен оған іргелес аумақты тексеру кезінде гараж ішінен әйел адамның мәйітін тапқан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында марқұмның азаматтық жұбайы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел адам дене жарақаттарын тұрмыстық жанжал кезінде алған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.