gov.kz
- 25 февр. 2026 16:00
- 18
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады: экипаж аман
Бүгін, 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы жаттығу ұшуы кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Экипаж аман-есен
Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растады. Ресми мәліметтерге сәйкес, ұшақ экипажы уақытында эвакуацияланған. «Ұшқыштар аман, олардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Олар медициналық мамандардың бақылауында. Ұшақ құлаған аймақ қоршауға алынды. Халық пен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Тергеу басталды
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі департаментінің бастығы басқарады. Комиссия құрамына авиациялық қызметтің мамандары енгізілді. Тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.
Апат орны
Су-30СМ жойғыш ұшағы Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайынан екі шақырымдай жерде құлады. Бұған дейін 2020 жылы 16 сәуірде Қарағанды маңында МиГ-31 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Сол кезде ұшақ жауынгерлік кезекшілікке дайындық кезінде жоспарлы ұшуды орындап жатқан.