Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
Қарақат Әбілдина қызына арнаған жүрекжарды лебізі: «Ана жүрегіне сыймайтын сезім»

Әнші Қарақат Әбілдина қызы Аяланның туған күніне орай жүрекжарды жазба жариялады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Уақыттың зымырап өтуіне таңданыс

Өнер иесі қызының сахнада ән айтып жүргенін көріп, уақыттың қалай тез өткеніне таңғалғанын жасырмады. «Кеше ғана алақаныма сыйып жүрген сәбиім, бүгін киелі сахнада әнін халыққа жеткізіп тұр… Уақыт деген қандай шіркін…», – деп жазды ол.

Қызына арнаған әннің мәні

Әнші қызына арнап жаздырған әннің өзі үшін ерекше мағынаға ие екенін атап өтті. «Бұл әнде — тегің бар, тәрбиең бар, бабаның қаны, ананың мейірімі, елдің батасы бар…», – деді Қарақат Әбілдина.

Аталған ән алғаш рет Республика сарайының сахнасында шырқалған. Әнші сол сәттегі аналық сезімін былайша суреттеді: «Талай дүлдүлдер мен бұлбұлдардың үні қалған сахнада қызыңды көру — ана жүрегіне сыймайтын сезім екен… Жаным қызым! Алла сені тіл-көзден сақтасыншы?! Өскеніңді ел көрсін!»

Новости

Реклама