Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 14 апр. 2026 13:30
- 39
Қаржы министрлігі аударымдарды тексеру туралы ескертті: кофеге төлем мен тойға сыйақы да қамтылуы мүмкін
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің вице-министрі Ержан Биржанов қарапайым азаматтар арасындағы ақша аударымдарына қатысты жаңа ережелер туралы қайта хабарлады. Оның айтуынша, достар мен туыстар арасындағы, тіпті кофе немесе түскі ас үшін жасалған шағын төлемдер кәсіпкерлік қызмет ретінде қарастырылмайды және салық бақылауына алынбайды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Біз банктерден бірінші тоқсанның деректерін белгіленген тәуекел критерийлеріне сәйкес аламыз. Яғни, банктер «қызыл белгі» қойылған операциялар бойынша мәліметтерді бізге ұсынады», - деді вице-министр үкіметте өткен брифингте.
Ол сондай-ақ, бұл деректер камералдық бақылау аясында қолданылатынын және қажет болған жағдайда азаматтарға хабарлама жіберілетінін түсіндірді. Хабарламаны орындау үшін салық есептілігін ұсыну немесе түсініктеме беру қажет болады.
Алайда, Биржанов бытыраңқы, күнделікті аударымдардың бұл санатқа ілінбейтінін атап өтті. Оның сөзінше, кәсіпкерлік қызметті анықтайтын критерийлер өте көп және олардың барлығы бір мезгілде орындалуы тиіс.
Ауылдағы тойға немесе туысқа берілген ақша да тексерілмейді
Вице-министр туған күнге, отбасылық мерекелерге немесе ұйым ішіндегі ұжымдық жиындарға қатысты ақшалай аударымдар да кәсіпкерлікпен байланысты болмаса, есепке алынбайтынын нақтылады. Тіпті, жеке тұлға ретінде тіркелген азаматтың жеке картасына ақша түссе де, бұл оның бизнес табысы ретінде қабылданбайды.
«Егер ол жеке тұлға ретінде карта ашса, бірақ жеке кәсіпкер болып табылатын болса және оған туған күніне немесе тойына ақша сыйға берілсе, біз мұны көреміз. Бірақ оны кәсіпкерлік қызмет деп санамаймыз», - деп сендірді Биржанов.
Ол егер кәсіпкерлік белгілері байқалмаса, ешбір қазақстандық азамат жаңа ережелерден зардап шекпейтініне кепілдік берді.
Салық органдары жеке тұлғаларға қашан қызығушылық танытуы мүмкін?
Қаржы министрлігі 2025 жылдың 12 қарашасында ұялы аударымдар бойынша жаңа критерийлерді енгізген болатын. Бұған дейін үш ай ішінде 100-ден астам әртүрлі тұлғадан аударым қабылдау кәсіпкерлік қызметтің белгісі саналса, енді 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосымша шектеу – 12 ең төменгі жалақы (1 020 000 теңге) енгізілді.
Бұл дегеніміз, салық органдары жеке тұлғаны келесі үш критерий сәйкес келген жағдайда ғана тексере алады:
Мысалы:
Егер 2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында бір адам өзінің жеке картасына тауарлар мен қызметтер үшін тұрақты ақша қабылдап, үш ай ішінде:
онда салық органдары түсініктеме сұрап, бұл қызметтің кәсіпкерлік екенін немесе еместігін тексеретін болады.