depositphotos.com
- 14 апр. 2026 13:00
- 38
Қазақстанда телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады
Еліміздің барлық азаматтарына маңызды хабар! 15 сәуір күні Қазақстанда теледидар мен радио хабарларының көрсетілімі уақытша тоқтатылады. Бұл шара Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жалғасады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қазтелерадио» АҚ мәліметінше, бұл уақытта спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында қызмет көрсету тоқтатыла тұрады. Жоспарлы профилактикалық жұмыстардың мақсаты – телерадио хабарларын сапалы көрсетуді қамтамасыз ету.
Мұндай жұмыстар соңғы рет ақпан айында жүргізілген болатын.