Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістандағы тарихи және мәдени нысандарды аралады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістан қаласындағы бірқатар тарихи және мәдени орындарға барды.

Мемлекет басшылары алдымен «Күлтөбе» қалашығын музейге айналдыру барысымен танысып, көне шаһарды сақтау және абаттандыру жобасы бойынша ақпарат алды. Жалпы аумағы 27 гектарды құрайтын археологиялық қазба жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, таяу уақытта ашылатын «Қолөнершілер қалашығының» тұжырымдамасы таныстырылды. Бұл аумақта шеберханалар, ұлттық тағамдар ұсынатын орындар, шығыс базары мен шағын қонақүйлер орналасатын болады. Айта кетейік, биыл 25 наурызда Түркістанға World Craft Council халықаралық ұйымы «Қолөнершілер қаласы» мәртебесін берген.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тарихи жәдігерлермен танысты.

Кейін тараптар «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы аумағындағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешеніне барды. Онда шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарын көріп шықты. Қонақтарға ұлттық тағамдар, ағаш өңдеу, кілем тоқу, киіз басу, қыш пен зергерлік бұйымдар жасау сынды қолөнер шеберлерінің жұмыстары көрсетілді. Сондай-ақ, қазақ халқының салт-дәстүрін танытатын театрландырылған қойылым ұсынылып, тазы мен қыран құстар таныстырылды.

You Might Also Like

Новости

Реклама