Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
Қатар мен Оман Иранмен атысты тоқтату туралы келіссөз бастады

Парсы шығанағындағы екі ел – Қатар мен Оман – Иранмен атысты тоқтату туралы келіссөздерді бастап кетті. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасап, The Washington Post басылымы хабарлады.

Бұл келіссөздер АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери күштері жақын арада елдегі билікті құлата алмайтынына көз жеткізгеннен кейін басталды. Иран тарапы АҚШ пен Израиль шабуылды бірінші тоқтатса, ғана келіссөздерге келісетінін мәлімдеген.

Бұған дейін Axios порталы американдық биліктің жағдайды реттеу жолдарын қарастырып жатқанын хабарлаған болатын. Тегеран тарапынан бұл туралы Мысыр мен Қатар арқылы ақпарат алғандары айтылған. БАҚ мәліметінше, Иран тарапы егер оларға өтемақы төленіп, әскери іс-қимылдардың қайта басталмайтынына кепілдік берілсе, кездесуге келісуге дайын.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы 28 ақпаннан бері жалғасып келеді. Тель-Авив бұл әрекеттің мақсаты – Иранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін айтса, Вашингтон елдің әскери әлеуетін жоюға және билікті құлатуға шақырды.

Новости

Реклама