
- 29 июл. 2025 10:42
- 29
ҚАЗАҚ-ТҮРІК СЕРІКТЕСТІГІ: ТОҚАЕВТЫ ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Анкара әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жеке өзі қарсы алды. Құрмет қарауылы сап түзеп, екі ел басшылары жылы шыраймен аз-кем әңгімелесті.
– Қонақжайлығыңызға алғыс айтамын. Әуежайға өзіңіз келіп қарсы алғаныңыз – үлкен құрмет. Екі ел арасында ешқандай келіспеушілік жоқ, тек бауырластық пен ынтымақтастық қана бар. Ертеңгі сапар мазмұнды өтеді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
29 шілде күні мемлекет басшылары қазақ-түрік стратегиялық әріптестігін тереңдету, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.