Последнее обновление

(Время обновление 5 дней назад)
ҚАЗАҚСТАН МЕН АБИИ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН АБИИ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2025 жылғы 30 мамырда ҚР Энергетика министрлігінде энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс Азиаттық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АБИИ) вице-президенті Константин Лимитовский бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар АБИИ-дің қаржылық құралдарын пайдалану арқылы Қазақстанның электр желілік инфрақұрылымын жаңғырту перспективаларын талқылады. Әсіресе, елдің Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын жоғары кернеулі тұрақты токты электр жеткізу желісін салу жобасына, сондай-ақ Солтүстік пен Батыс өңірлердегі желілерді жаңарту мәселелеріне баса назар аударылды.

Вице-министр АБИИ-дің инфрақұрылымдық бастамаларға тұрақты қолдау білдіріп отырғанына алғыс айтып, Қазақстанның жасыл энергетикаға көшу жолындағы әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.

You Might Also Like

Новости

Реклама