пресс-служба Allur
- 24 мая 2026 22:30
- 31
Қазақстан мини-футболдан Еуропа чемпионатының финалына шықты!
Қазақстанның мини-футболдан ұлттық құрамасы SOCCA форматындағы Еуропа чемпионатының финалына шықты. Бұл тарихи жетістік Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан додада орын алды. Команда AFC Allur клубының базасында құрылған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жолдама алған жол
Қазақстан құрамасы финалға дейінгі жолда сенімді ойын көрсетті. Топтық кезеңде Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, Латвиямен (0:0) және Украинамен (2:2) тең ойнады.
Плей-офф кезеңінде команда Еуропаның мықты қарсыластарын артта қалдырды. 1/8 финалда Германияны 4:0 есебімен ойсырата жеңсе, ширек финалда әлем және Еуропаның сол кездегі чемпиондары – Польша құрамасын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалда Венгрияны 2:0 есебімен ұтты.
Финалдағы қарсылас
Енді қазақстандық команда финалда Испаниямен кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де басталады. Трансляцияны QazSport телеарнасынан және SOCCA Federation YouTube каналынан тамашалауға болады.
Бизнестің қолдауы
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл жетістік – еліміздегі мини-футболдың дамуына және спортты қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Allur компаниясы көп жылдар бойы спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді инвестиция салып келеді. AFC Allur базасында ұлттық құраманың құрылуы – Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға бағытталған спорт пен отандық бизнестің табысты синергиясының мысалы.
Бүгінде Қазақстан құрамасы халықаралық аренада ел намысын қорғап қана қоймай, еліміздегі мыңдаған жас спортшыларға үлгі болып, SOCCA қозғалысының әлемдік көшбасшыларының бірі ретінде Қазақстанның мәртебесін растап отыр.