Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Қазақстан Президенті Қытайдағы шахтер қазасына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы көмір шахтасында болған апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Президент Си Цзиньпинге және Қытай халқына Қытай Халық Республикасының Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында газ жарылысынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге және бүкіл қытай халқына Қытай Халық Республикасының Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтуын білдірді», - делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Еске сала кетейік, Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында болған газ жарылысынан қаза тапқандардың саны 90 адамға жетті.

Новости

Реклама