
- 25 июн. 2025 14:21
- 27
Қазақстанда 800 мың киік атылуы мүмкін – Экология министрі
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев алдағы күндері киіктердің санын реттеу бойынша түпкілікті шешім қабылданатынын хабарлады. Министрдің айтуынша, ғалымдар киік популяциясының 20 пайызын реттеуді ұсынып отыр.
«Біз ресми түрде ғылыми негіздеме алдық. Қазір ұйымдастыру мәселелерін талқылап жатырмыз. Бір-екі күнде шешім қабылдаймыз деп ойлаймын», – деді Нысанбаев.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда қазіргі уақытта 3,9 миллион киік тіркелген. Егер ұсыныс қабылданса, олардың шамамен 800 мыңға жуығы аулануы мүмкін.
Министр сондай-ақ, мұндай көлемде реттеу шараларын жүзеге асыру үшін ет комбинаттарының қатысуы қажет болатынын атап өтті.