Последнее обновление

(Время обновление 2 недели назад)
Түркістан облысында екі баланы әжетханаға тастаған жасөспірімге қатысты сот шешімі шықты

Infohub: Түркістан облысында екі баланы әжетханаға тастаған жасөспірімге қатысты сот шешімі шықты

Түркістан облысында екі баланы қасақана жарақаттады деген күдікке ілінген жасөспірім қызға қатысты сот шешімі шықты. Тергеу деректеріне сәйкес, ол алдымен 3 жасар қызды әжетханаға тастап, артынан 5 жасар басқа бір баланы да солай істеуге әрекеттенген.

Сот психиатриялық сараптама қорытындысына сүйене отырып, жасөспірімнің бұл әрекеттерді ақыл-есі дұрыс емес күйде жасағанын анықтады. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, медициналық сипаттағы мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

Соттың шешімімен оған қоғам үшін қауіптілігіне байланысты арнайы мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда интенсивті бақылауда ем қабылдау тағайындалды.

You Might Also Like

Новости

Реклама