
- 01 апр. 2025 09:28
- 59
Қазақстанда бірнеше банк жабылады: салымшыларға не істеу керек?
Елімізде тоғыз екінші деңгейлі банк таратылу сатысында тұр. Олардың қатарында Tengri Bank, Capital Bank Kazakhstan, Asia Credit Bank және Астана банкі бар. Бұл қаржы ұйымдары бойынша өтемақы төлеу мерзімі аяқталғанымен, кейбір салымшылардың қаражаты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жеке зейнетақы шоттарына аударылды.
Дегенмен, өтемақы мерзімін өткізіп алған, бірақ кешігуіне негізді себептері бар азаматтар әлі де өтініш бере алады.
Өтемақыны кешіктіріп талап етуге болатын жағдайлар:
Әскери қызметке шақырылу;
Қазақстаннан тыс жерде болу;
Мұрагерлік рәсімдеу процесінде болу;
Бас бостандығынан айыру орындарында отыру;
Сотпен белгіленген өзге де ерекше жағдайлар.
Қаражатын қайтаруға ниетті салымшылар белгіленген тәртіп бойынша өтініш беруі тиіс. Сондықтан өтемақы алу мүмкіндігін жіберіп алмау үшін қажетті құжаттарды дайындау маңызды.