Последнее обновление

(Время обновление 1 неделю назад)
Қазақстанда доллар арзандады

Қазақстанда доллардың бағасы төмендеді. 3 ақпандағы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа бағамы 503,44 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 1,73 теңгеге төмендегенін көрсетеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы мен Астанадағы айырбас бағамы

Алматыдағы айырбас орындарында долларды сатып алу бағасы 503,39 теңге болса, сату бағасы 505,47 теңге. Ал Астанада долларды орташа сатып алу бағасы 501 теңге, сату бағасы 508 теңге болып отыр.

Ұлттық банк шешімі

23 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл шешім инфляциялық қысымды ұстап тұру және баға өсімін баяулату мақсатында қабылданған. Егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, банк ақша-несие саясатын қатаңдатуға дайын.

Новости

Реклама