- 04 окт. 2024 13:51
- 242
Қазақстанда мопедтер ресми түрде көлік санатына енгізілді
Қазақстанда көлік саласында жаңа заңнамалық өзгерістер күшіне енуде. Енді мопедтер ресми түрде көлік құралдары санатына енгізіліп, олардың иелері мемлекеттік тіркеуден өтуге және жүргізуші куәлігін алуға міндеттеледі. Бұл талаптар 2025 жылдың сәуір айында күшіне енеді. Бұл туралы Todayinfo.kz сайты жазды.
Сонымен қатар, «орташа жылдамдық» ұғымы енгізіліп, оны асырған жүргізушілерге айыппұл салынатын болады. Жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден асырғандарға түрлі деңгейдегі әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.
Мас күйінде көлік басқарған немесе куәландырудан бас тартқан тұлғаларға жүргізуші куәлігінен 7-8 жылға дейін айыру жазасы енгізілуде. Техникалық байқау саласында да жаңа талаптар қойылып, операторларға рұқсат беру тәртібі енгізіледі. Бұл шаралар көлік қауіпсіздігін арттыруға және жемқорлықпен күреске бағытталған.