Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
Қазақстанда «Виаграның» аналогы сатылымнан алынып, қолданысқа тыйым салынды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Десилмакс» препаратын айналымнан шығару туралы бұйрық шығарды. Бұл препарат эректильді дисфункцияны емдеуге арналған.

Аталған шешімге 100 мг «Десилмакс» (белсенді заты – силденафил) таблеткаларының BSE92301A сериясы, жарамдылық мерзімі 2026 жылдың шілдесіне дейін жатады. Препаратты Үндістанның Macleods Pharmaceuticals Limited компаниясы шығарған.

Анықтама: Силденафил (Viagra) – 1989 жылы Pfizer компаниясы ашқан және синтездеген белсенді зат. Бастапқыда жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу құралы ретінде зерттелгенімен, клиникалық сынақтар ерлердегі эректильді дисфункцияны емдеуде тиімділігін көрсетті. 1998 жылы силденафил Viagra сауда атауымен медициналық қолданысқа бекітілді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұйрыққа 2026 жылғы 11 ақпанда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы қол қойған. Құжатқа сәйкес, аталған сериядағы препаратты дәріханалар мен медициналық мекемелерден алып тастау қажет.

Препаратты тыйым салудың нақты себептері бұйрықта көрсетілмеген.

Новости

Реклама