Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қазақстандағы АЭС құрылысы: Ресей ме, Қытай ма?

 

Атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесіне қатысты Мәжіліс кулуарында журналистерге жауап берген Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытайдың АЭС-ті Ресейден бұрын салып беруі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Мен бұл мәселеге пікір білдіргім келмейді. Әрбір атом электр станциясының жобасы – бірегей. Қатысушы елдердің барлығының бұл салада тәжірибесі мол. Біз Ресей Федерациясын халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде таңдадық. Бұл шешім ұсынылған құрылыс мерзімдеріне де байланысты қабылданды. Қытайлық әріптестермен келіссөздер аяқталған соң ғана құрылыс мерзіміне қатысты нақты айтуға болады, — деді Сәтқалиев.

Айта кетейік, АЭС салу жобасы Қазақстанда ұзақ жылдардан бері талқыланып келеді. Қытай мен Ресей – бұл салада бәсекелес негізгі ойыншылардың қатарында. Қазақстан билігі қазір бірнеше елмен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген.

You Might Also Like

Новости

Реклама