Последнее обновление

(Время обновление 3 недели назад)
Атырау–Дубай бағытындағы рейстер уақытша тоқтатылды

Air Astana әуе компаниясы 28 маусымнан бастап Атырау–Дубай бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатты. Бұған ұшу уақытының едәуір ұзаруы себеп болған.

Компания мәліметінше, Астана мен Алматыдан Дубайға бағытталған рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып өтуге байланысты өзгерістермен жалғасады. Бұл жағдай Атыраудан тікелей рейстердің орындалуына кері әсер еткен.

Уақытша тоқтатылған рейстерге билет алған жолаушыларға Атыраудан басқа бағыттарға немесе Алматы мен Астанадан Дубайға тегін қайта брондау, сондай-ақ билеттің толық құнын қайтару ұсынылып отыр.

Air Astana бұл шаралар жолаушылар қауіпсіздігі мен ұшу ережелеріне сәйкестікті қамтамасыз ету үшін қабылданғанын атап өтті.

You Might Also Like

Новости

Реклама