Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
Қазақстанды 37 градус аяз күтіп тұр: Синоптиктер ескертеді

Қазақстанның кейбір өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендеп, 37 градус аязға жетуі ықтимал. Синоптиктер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазгидрометтің мәліметінше, 21-22 ақпан күндері еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық майдандар әсер етеді. Солтүстік пен шығыс өңірлерде қар жауса, оңтүстікте жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ пен тұман түседі.

Антициклонның ықпалы

Циклон өткен соң, Ресейдің еуропалық бөлігі аудандарынан антициклон елдің батыс аймақтарына қарай ығысады. Бұл жауын-шашынның тоқтап, температураның төмендеуіне әкеледі.

Түнде ауа температурасы:

Күрт суытады

Ал 23 ақпаннан бастап елдің солтүстік-батысында, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа райы күрт суытып, температура 25-37 градус аязға дейін төмендейді.

Новости

Реклама