Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 10 апр. 2026 10:30
- 38
Қазақстандықтар әскери жиынға шақырылады: қанша адам қатысады?
Биыл Қазақстанда 3 мыңға жуық әскери міндетті азамат әскери жиынға шақырылады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің 2026 жылға арналған әскери жиындарға шақыру туралы бұйрығында айтылған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әскери жиындарға кімдер шақырылады?
Аталған бұйрыққа сәйкес, биылғы жылы 3 мың әскери міндетті азамат әскери дайындықтан өтеді. Бұл шаралардың орындалуын Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының басшылығы бақылайды.
Бұйрық 2026 жылдың 19 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Мерзімді әскери қызметке шақыру
Еске сала кетейік, 17 наурыздан бастап қалалық және аудандық шақыру комиссиялары әкімдердің орынбасарларының төрағалығымен мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды бастаған болатын. Қарулы Күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Алмас Исабековтің айтуынша, 30 маусымға дейін 18-27 жас аралығындағы 21 мың азаматты әскерге шақыру жоспарланған.