tengrinews.kz
- 11 мар. 2026 14:30
- 22
Қазақстандықтар банктегі ақшалары үшін сыйақы ала бастайды: 19 наурыздан бастап өзгерістер
19 наурыздан бастап қазақстандықтарға ағымдағы банк шоттарындағы ақшалары үшін жылдық 1%-ға дейін сыйақы төлене бастайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
Бұл өзгеріс «Банктер және банк қызметі туралы» заңға енгізілген түзетулерге байланысты болып отыр. Бұған дейін, яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ағымдағы шоттардағы ақшаға сыйақы төлеуге тыйым салынған еді.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Егер сіздің шотыңызда 100 мың теңге болса және сыйақы мөлшерлемесі 1% болса, жыл соңында шамамен 1 мың теңге сыйақы аласыз. Егер ақшаны уақытша алып немесе қосып отырсаңыз, сыйақы тек шотта болған нақты сомаға есептеледі.
Бұған дейін мұндай практика 1999 жылдан бері қолданылып келген, бірақ 2019 жылы азаматтық кодекстің 751-бабына өзгеріс енгізіліп, ағымдағы шоттардағы ақшаға сыйақы төленбейтіні туралы норма қосылған болатын. Ұлттық банк бұл шоттарды күнделікті операциялар мен есеп айырысуларға арналған деп түсіндірген еді.
Айта кетейік, 16 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев банктер туралы жаңа заңға және тиісті түзетулерге қол қойған болатын. Бұл құжат банк операцияларының жаңа түрлерін енгізіп, банк қызметін бақылауды күшейтеді.
-
Kazakhstan's banking sector is set to reintroduce interest payments on current accounts, a move not seen in seven years, potentially benefiting account holders.