Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Қостанайда №3 және №5 бағыттарындағы автобустардың жүру жолдары уақытша өзгереді

Қостанай қаласында Шәкімжан Жәнібек батыр көшесіндегі жөндеу жұмыстарына орай №3 және №5 қоғамдық көлік бағыттарының жүру кестесінде уақытша өзгерістер болады. Бұл шаралар 11 мамырдан 31 шілдеге дейін жалғасады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, Шәкімжан Жәнібек батыр көшесінің Қарбышев көшесінен №5 емханаға дейінгі учаскесі уақытша жабылады. Осыған байланысты аталған мерзімде №3 және №5 бағыттарындағы автобустардың жолдары өзгеретін болады.

Жөндеу жұмыстарының нақты мерзімі мен ауыстырылған бағыттар туралы толық ақпаратты қала әкімдігінің ТКШ бөлімінен алуға болады.

Новости

Реклама