Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
ҚР ҰҚК байланыс пен интернетті шектеуге қатысты түсініктеме берді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері байланыс желілерінің жұмысы мен интернет-ресурстарын шектеуге қатысты түсініктеме берді.

2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен «Байланыс туралы» заңның 41-1 бабы, келесі мазмұндағы 1-2 тармағымен толықтырылды;

«Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтары не оларды алмастыратын адамдар кейіннен байланыс саласындағы уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, жедел-іздестіру қызметінің барлық субъектілерінің мүддесін үшін байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұруға құқылы.

Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады»;

Бұдан өзге көрсетілген баптың 1) тармақшасы, 3-тармағы келесідей өзгертілді:

«1) уәкілетті органнан немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманы немесе шешімді орындау жөнінде шаралар қолдану туралы талапты алғаннан кейін оны байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жолымен үш сағаттан аспайтын уақыт ішінде орындауға міндетті;».

Қазіргі кезде заңнамада көрсетілген өзгертулерге кейбір субъектілер тарапынан теріс түсінік беру байқалуда. Осы орайда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті біршама түсініктемелер беруді қажет деп тапты.

Атап айтқанда, жоғарыда көрсетілген құқық нормасы өңірлік интернет-сервистері мен байланыс желілерін жаппай тоқтатуды көздемейді. Себебі қолданыстағы заңнамада Бас прокурор мен байланыс саласындағы уәкілетті органға антитеррорлық операция жүргізу барысында, қоғамдық тәртіп пен БАҚ саласындағы өзге де заңнамаларды бұзушылық туындаған жағдайда желілер мен байланыс құралдарын пайдалануды шектеу үшін құқықтық негіз қарастырылған («Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының заңдары)

Сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік органдары тарапынан байланыс қызметін тоқтату туралы шешім ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға соқтыруы мүмкін сыбайластарын ақпараттандыру және іс-әрекетін үйлестіруге жол бермеу мақсатында нақты абоненттерге қатысты қабылданатын болады.

«Желілер мен байланыс құралдары қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісілген жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығы негізінде тиісті операторлармен іске асырылатын болады»,-делінген ҚР ҰҚҚ-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерде.


You Might Also Like

Новости

Реклама