Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
"Құдай сақтады": Танымал мектеп директоры жол апатына түсті

Бұрын "Алтын ханым" байқауының жеңімпазы атанған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жол апатына ұшырап, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады. Оның айтуынша, көлігі басқа көлікпен соқтығысып, салдарынан жарақат алған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмоншақ Нұртаза апаттан аман қалғанына шүкіршілік етіп, желідегі жазылушыларына жағдайын баяндады. "Қайта туған күн. Аман болайық. Бір алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар-ау", - деп жазды ол. Желі қолданушылары оған тезірек сауығып кетуін тілеп, жылы лебіздерін білдіруде.

Новости

Реклама