- 15 янв. 2017 00:00
- 278
Құстар туралы жұмбақтар
ОҚО, Түркістан қаласы
Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің
4 "В" сынып оқушысы: Розметова Умида Ихтиярқызы
Жетекшісі: Усекеева Гульнара Балтабаевна
Ауылда, қалада мекені,
Жолаушы жүрсек шығарып салады.
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді. (Қарлығаш)
Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар? (Қараторғай)
Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды. (Түйеқұс)
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап, (Балапан)
Көктемде ұшып келетін
Жаз бойы ән салатын
Бұл қай құс? (бұлбұл)
Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп.
Жүзгенде көлдің сәні де
Жердегі құстың серкесі. (аққу)
Түсі қара мақпалдай,
Төсі ақ сыр жаққандай,
Ұшса оқтай зырлайды.
Көктен жұлдыз аққандай. (қарлығаш)
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып
Тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)
Заң жоқ еш уақытта,
Оларды атуға.
Түсі де аппақ,
Аты да аппақ. (аққу)
Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді.
Қия таста ұясы,
Бұл қай құс кім біледі? (Бүркіт)
Бейбіт құсы аталады,
Бар әлемге жар салады.
Танисың ба ол құсты
Аты қалай аталады? (Ақ көгершін)