Последнее обновление

(Время обновление 7 минут назад)
"Қылмыс әлемінің серкесі еді": Тәуекел Мүслім әкесінің мазарына барды

Актер Тәуекел Мүслім марқұм әкесінің басына барып, құран бағыштады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Шымкент пен Түркістанның ортасында Темірлан атты тамаша ауыл бар. Сол жерде менің балалық шағым өтті, әкеммен бірге тұрдым. Енді сол әкемнің басына өз балаларыммен келіп, құран бағыштамақшымын. Жүнісбеков Сабыр Мүслімұлы 1995-2010 жж. Әке, жатқан жеріңіз жайлы болсын», - деп жазды актер.

Желі қолданушыларының пікірі

Желідегілер актердің бұл әрекетіне жылы лебіздерін білдірді. «Әкеңізді Оңтүстіктің бәрі жақсы таниды», «Мықты кісі болған. Жаны Жәннатта болсын», «Ниеттеріңіз қабыл болсын», - деп жазды олар.

Әкесі туралы естелік

Айта кетейік, Сабыр Мүсілім 90-шы жылдары ел егемендік алған кезеңде саясат сахнасында көрінген азаматтардың бірі болған. Сол кезде өңірдегі жұмыссыздықты жойып, қылмысты азайтуға атсалысқан. Оны кейбір деректерде «қылмыс әлемінің серкесі» деп те атайды.

Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, әділетсіздікті жаны сүймеген, намысшыл азамат ретінде сипатталады. Сабыр Мүсілімнің әділдік жолындағы әрекеттері кейбір органдар тарапынан заңға қайшы деп танылғанымен, оған тағылған 9 бап бойынша айыптың ешбірі дәлелденбеген. Алайда, полиция көлігін тінту кезінде тапқан пышақ үшін оны суық қару сақтады деп айыптап, түрмеге қамаған. Түрмеде белгісіз ауруға шалдығып, кейін босап шыққан соң, ауруынан айыға алмай Алматыда қайтыс болған.

Новости

Реклама