Последнее обновление

(Время обновление 13 минут назад)
Қытай Қазақстанды жаңа Конституция референдумын өткізумен құттықтады

Қытай Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша өткізілген республикалық референдуммен Қазақстанды құттықтады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қытайдың Global Times басылымының хабарлауынша, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь 16 наурызда өткен брифингте осындай мәлімдеме жасады. Брифинг барысында Қытай Орталық телеарнасының журналисі 15 наурызда Қазақстанда өткен жалпыұлттық референдумға Қытай тарапының бағасын сұрады.

Линь Цзянь Қазақстанның дауыс беруді сәтті өткізгенін атап өтіп, Қытай тарапының бұл жаңалыққа қатысты құттықтауын жеткізді. Оның айтуынша, Қытай дос көрші және жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен қоғамдық өркендеуін көріп қуанышты.

Сондай-ақ, ол Бейжіңнің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ел мемлекет құрылысында жаңа маңызды жетістіктерге жететініне және «Әділетті Қазақстан» құру мақсатының табысты жүзеге асатынына сенімді екенін баса айтты.

ҚХР СІМ өкілі Қытайдың екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән беретінін және Қазақстанмен бірлесіп өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтып, қазақстан-қытай серіктестігін жаңа деңгейге шығаруға дайын екенін қосты.

Новости

Реклама