Последнее обновление

(Время обновление 3 недели назад)
РЕСЕЙ АҚШ ПЕН ИЗРАИЛЬДІҢ ИРАНҒА ШАБУЫЛЫН ҚАТАҢ АЙЫПТАДЫ

Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған зымырандық шабуылына байланысты қатаң мәлімдеме жасады. Мәскеу бұл әрекетті халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысын ашық бұзу деп бағалап отыр.

«Қандай уәж айтылса да, егемен мемлекеттің аумағына әскери шабуыл жасау – жауапсыз шешім. Бұл – халықаралық құқық нормаларына қайшы әрекет», — делінген министрлік таратқан құжатта.

 

Ал Украина тарапы керісінше, АҚШ пен Израильдің қимылын қолдайтынын жариялады. Киев Иранды Ресейдің стратегиялық әріптесі деп атап, бұл шабуылды әділетті жауап деп сипаттады.

Геосаяси жағдай ушыққан тұста, Иран төңірегіндегі текетірес Таяу Шығыс қана емес, жаһандық қауіпсіздікке де қауіп төндіріп отыр.

You Might Also Like

Новости

Реклама