
- 02 июн. 2025 22:55
- 49
РЕСЕЙ МЕН УКРАИНА ТҰТҚЫНДАР АЛМАСУ ТУРАЛЫ ЖАҢА КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ
РЕСЕЙ МЕН УКРАИНА ТҰТҚЫНДАР АЛМАСУ ТУРАЛЫ ЖАҢА КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ
Ресей мен Украина ауыр жараланған, ауыр науқас және 18–25 жас аралығындағы әскери тұтқындарды, сондай-ақ 6000 қаза тапқан жауынгердің мәйітін алмастыру туралы уағдаласты. Бұл келісім — соғысушы тараптар арасындағы шиеленісті жұмсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
🔹 Сонымен қатар, Ресей майдан шептерінің кейбір бөлігінде 2–3 күнге атысты тоқтату туралы ұсыныс білдірді.
🔹 Украина тарапы маусым айының соңында Путин, Зеленский және Трамптың қатысуымен жоғары деңгейдегі бейбіт кездесу өткізуді ұсынды.
🔹 Мәскеу Киевке бейбітшілік пен атысты тоқтату жолдарын қамтитын екі бөлімнен тұратын меморандум жолдаған. Украина бұл құжатқа бір апта ішінде ресми жауап беретінін хабарлады.
Бұл келіссөздер соғыс қимылдарының бәсеңдеуіне ықпал етуі мүмкін. Алайда, тараптар арасындағы түпкілікті келісімдер мен нақты әрекеттер уақыт еншісінде.
-
Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласындағы әуежайда болған қайғылы оқиғада полиция подполковнигі Ақмарал Мұқанова көз жұмды. Оқиға 17 мамырда, Астанаға бағытталған рейске отырғызу кезінде жарнама тақтасын...
-
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары парламентаралық ынтымақтастықты күшейтеді