
- 20 мая 2025 18:54
- 21
Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза болған қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі
Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласындағы әуежайда болған қайғылы оқиғада полиция подполковнигі Ақмарал Мұқанова көз жұмды. Оқиға 17 мамырда, Астанаға бағытталған рейске отырғызу кезінде жарнама тақтасының құлауы салдарынан болған. Тағы екі қазақстандық зардап шеккен.
Қайтыс болған әйелдің мәйітін Қазақстанға жеткізу шығындарын сақтандыру компаниясы өтейтін болды. Марқұмның 22 жастағы ұлы Берік қазіргі таңда Мысырда, ол 4-5 күнге созылатын тергеудің аяқталуын күтіп отыр. Туыстары мәйітті елге қайтару үдерісін жеделдету үшін үкімет пен елшілікке өтініш білдірді.