
Ақорда
- 19 апр. 2025 15:09
- 30
Ресейдің энергетика министрі тоқаевқа путиннің хабарламасын жеткізді
Ақорданың мәліметінше, Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісімі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады.
– Министр мемлекет басшысына Ресей президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді, – делінген ресми хабарламада.
Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – энергетика саласындағы әріптестіктің келешегі талқыланды.