Последнее обновление

(Время обновление 15 часов назад)
Ролан Гаррос: Қазақстандық теннисшілер толық құрамда екінші айналымға өтті

 

Қазақстандық теннисшілер Франция ашық чемпионаты – Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымын сәтті аяқтап, толық құрамда екінші кезеңге жолдама алды.

Соңғы болып кортқа шыққан Юлия Путинцева аргентиналық Солана Сьеррамен (WTA рейтингі бойынша 110-орында) кездесіп, матчты екі сетте аяқтады. Бірінші сет тартысты өтіп, тай-брейкте аяқталды — 7:6 (7:4), 6:2.

Сонымен қатар, жұптық сында ел намысын қорғап жатқан Анна Данилина да келесі кезеңге өтті.

Бұған дейін Александр Шевченко мен Александр Бублик те қарсыластарын жеңіп, екінші айналымға шыққан болатын. Осылайша, қазақстандық теннисшілер Ролан Гарроста толық құрамда жарысты жалғастырады.

You Might Also Like

Новости

Реклама