Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Президент: Қаржы технологиялары түркі елдерінің экономикалық ынтымақтастығын нығайтады

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы секторындағы ынтымақтастықты кеңейту ісінде орталық банктер басты рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, олар экономикалық және инвестициялық серіктестіктің қозғаушы күшіне айнала алады.

– Жиында экономикалық үдерістер, ақша-несие саясаты, сондай-ақ орталық банктердің цифрлық валюталары, криптовалюталары мен цифрлық активтері бойынша өзекті мәселелер қарастырылғаны қуантады. Қазақстан бұл бағытта айтарлықтай ілгеріледі. Қазіргі уақытта барлық транзакциялардың 85%-ы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. Ұлттық банк аймақта алғаш болып цифрлық теңгені енгізді. Жақын арада цифрлық активтердің – криптовалюталар, стейблкоиндер және токенизацияланған құралдардың – қауіпсіз айналымын реттейтін жаңа ережелер қабылданады, – деді Президент.

Кеңес қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев орталық банктер арасындағы кәсіби диалогтың кеңеюі түркі елдері үшін экономикалық әлеуетті толық ашуға мүмкіндік беретінін айтты.

You Might Also Like

Новости

Реклама