Photo: Валерій Волинський (https://www.pexels.com/@2158518894) / Pexels
- 06 апр. 2026 00:00
- 24
Руслан Өтепбай Зүлфия Төленова ісінің екінші бетін ашты: Балалардың тағдыры не болмақ?
Танымал журналист Руслан Өтепбай, қоғамда қызу талқыланған Зүлфия Төленова ісіне қатысты тың мәліметтерді бөлісті. Бұл жағдай 7 жыл бұрын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында Қапиза Шумаева есімді азаматшаның үш баласын Төленованың қамқорлығына беруінен басталған еді. Алайда, уақыт өте келе бұл оқиғаның екінші беті ашылып, күрделі мәселелер туындады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақында Зүлфия Төленова сол балалардың біріне қол көтергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазір Қапиза Шумаеваның екі қызы Тараз қаласындағы бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатыр. Ал тұңғыш ұлы Борис кәмелетке толғандықтан, анасымен бірге тұрады. Қапиза өз қателіктерін мойындап, өмірін жаңадан бастауға бел буған. Оның басты арманы – екі қызын қайта өз бауырына алу.
Ана мен бала арасындағы қарым-қатынас
«Балалар жетімдер үйінде емес, туған анасымен бірге өсуі керек», – дейді Қапиза Шумаева. Ендігі басты сұрақ – сот анаға екінші мүмкіндік бере ме? Руслан Өтепбай бұл іске бей-жай қарамауға шақырып, Қапизаның қыздарын қайтарып алуына қолдау көрсететінін мәлімдеді. Ол үшін адвокат жалдауды жоспарлап отыр.