Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Рысбала Икрамбай: "Қыз Жібектің" камзолына таласқандардың өздерінің "дамбалы" жоғалған

Танымал блогер Рысбала Икрамбай Баян Алагөзованың "Қыз Жібек" фильміндегі камзолды иеленуіне қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді. Ол Threads желісінде "қайтарсын" деп шулап жатқандарды сынға алып, олардың өздерінің де құндылықтарын білмейтінін меңзеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Дамбалының қайда жатқанын білмейтіндер"

Рысбала Икрамбайдың айтуынша, егер сол камзол шынымен де тарихи құндылық болса, оны іздеп тауып, музейге тапсыруға тырысар еді. Ол былай деп жазды: "Ой бэллааа, іздегіш болса, осы уақытқа дейін неге іздеп тауып, музейге қоймады екен? Қайсың күнде музейге барып, "мынау біздің құндылықтар" деп бағасын беріп жатырсыңдар?"

Жетістікке қызығатындар

Блогер сондай-ақ, адамдардың біреудің жетістігіне қызығатынын, ал өздерінің жеке заттарын бағаламайтынын атап өтті. "Шулатып жатқан қатындар өзінің дамбалының қайда жатқанын білмейтін шығар үйінде. Мына өмірде бір қыз, бір ана, бір әйел бақытты өмір сүріп жүрсе, соған қуанамын. Бізде біреудің жетістігі көпке ұйқы бермейді", - деп пікірін білдірді Рысбала Икрамбай.

Новости

Реклама