Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Сағадиев барлық мектептерге Wi-Fi тартып беруді сұрады

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында барлық мектептерді жылдың соңына дейін кең жолақты интернетпен және Wi-Fi қызметімен қамтамасыз етуді сұрады.

«Кең жолақты интернетпен және Wi-Fi қызметін тарту ісіне біз әкімдіктердің атсалысқаны дұрыс деп білеміз. Жаңа оқу жылынан бастап біз мектептерді 100 пайыз кең жолақты интернетпен және Wi-Fi қызметімен қамтуды сұраймыз», - дейді Үкімет басшысының алдында сөйлеген Ерлан Сағадиев.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Қазақстанда ғылымның бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылмақ.

«Бұл білім мен ғылым саласын цифрландыру аясындағы негізгі бағыттардың бірі. Біз осы бағытта жұмысты жалғастырамыз», - дейді Ерлан Сағадиев.

Айта кетсек, бұған дейін жылдың соңына дейін 10 миллион адамды қамтитын 1,5 мыңға жуық ақпараттық өнімді шығару көзделіп отырғанын атап өткен еді. Сонымен қатар, министрдің айтуынша, цифрландыру бойынша түсіндірме жұмыстары Бірыңғай республикалық медиажоспар ақпараттық стратегиясы бойынша жүзеге асырылатынын мәлім еткен.

 


You Might Also Like

Новости

Реклама