Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Сахнадан кететінін айтқан Төреғали Төреәлі отбасымен бірге Алматыдан да көшіп кетті

Сахнадан кететінін айтқан Төреғали Төреәлі отбасымен бірге Алматыдан да көшіп кетті

Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі отбасымен бірге Алматыдан Астанаға көшіп кетті, деп хабарлайды Инфохаб.кз.

Бұл жаңалықты әншінің қарындасы Фариза Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қуанышын жеткізді:

 "Ағам мен жеңгем Астанаға көшті. Аллаға шүкір! Астана ұнап жатыр, орнығып үйренісіп жатыр. Енді бір қалада бәріміз", – деп жазды ол.

 

Желіде тараған видеолардан Төреғалидің кенже қарындасы Дина Төреәлі де елордада серуендеп жүргені байқалады.

Әншінің жанкүйерлері жаңа қонысына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіруде.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі өнерден кететінін мәлімдегені ел ішінде қызу талқыланған еді.

You Might Also Like

Новости

Реклама