
- 26 июн. 2025 11:08
- 29
Сайран су қоймасында қоқыс тастаған демалушылар 19 мың теңгеден айыппұл төлеуде
Сайран су қоймасында қоқыс тастаған демалушылар 19 мың теңгеден айыппұл төлеуде
– деп хабарлайды Инфохаб.kz тілшісі.
Алматыдағы Сайран су қоймасы ресми түрде ашылмағанына қарамастан, күн сайын мұнда 4 мыңға жуық адам жиналады. Шомылуға тыйым салынғанына қарамастан, көпшілік ережені елемей, суға түсіп, жағалауды қоқыс алаңына айналдырған.
Қазір жағалауда бөтелке, тағам қалдықтары, қағылған тақтайлар мен басқа да тұрмыстық қалдықтар үйіліп жатыр. Тіпті қалдықтардың кейбірі судың бетінде қалқып жүр. Соған қарамастан, балалар мен ересектер еш алаңсыз шомылуда.
Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанымен, шомылғаны үшін айыппұл сала алмайды. Алайда қоғамдық орындарды ластағандарға қатысты жауапкершілік қарастырылған. Қазірдің өзінде 20 адамға 19 500 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.
Қала билігі азаматтарды санитарлық нормаларды сақтауға және белгіленбеген орындарда суға түспеуге шақырып отыр.