Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Сәкен Майғазиевтің жары мен келіні көліктің алдыңғы орнына таласты

«МузАрт» тобының белгілі әншісі Сәкен Майғазиевтің отбасындағы күлкілі жағдай желіде қызу талқыға түсті. Әншінің ұлы Әділет пен келіні Әдия түсірген жаңа видеода ене мен келін көліктің алдыңғы орындығына таласып қалды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көліктегі қызық

Әділет пен Әдия жұбайы әлеуметтік желідегі парақшаларының белсенділігін арттыру мақсатында түрлі видеолар түсіруді дәстүрге айналдырған. Бұл жолы оларға аналары, яғни Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева да қосылды. Түсірілген видеода ене мен келін бір мезгілде көліктің алдыңғы есігінің тұтқасын ұстап, қайсысы бірінші отыратынын анықтай алмай далбасалайды. Бірнеше секундтық үзілістен кейін келін имене қарап, енесіне жол бергені байқалады. Бұл сәтті «Сұлтан Сүлеймен» сериалының әуенімен әсемдеп, жұбайлар видеоны әлеуметтік желіге «Алдына кім отыруы керек еді?» деген сұрақпен бірге жүктеген.

Новости

Реклама