Последнее обновление

(Время обновление 4 минуты назад)
Салтанат Нүкенова ісі: Байжановқа қатысты үкім Кассациялық сотта қайта қаралады

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша Бақытжан Байжановқа шығарылған үкім Кассациялық сотта қайта қаралады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кассациялық соттар департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс қазіргі таңда сот өндірісінде жатыр. Қорғаушылардың шағымдары негізінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотынан Бақытжан Байжанов пен Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс материалдары сұратылған. Байжановқа қатысты сот актілері қайта қаралуға тиіс. Ал Бишімбаев пен оның адвокаттарынан кассациялық шағым түспеген.

Сот отырысы 2026 жылдың 14 мамырына белгіленді. Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ағасы Бақытжан Байжановтың жаза мерзімі амнистияға байланысты қысқартылып, өтелмеген жазасы 1 жыл 4 ай 17 күн болып белгіленген болатын.

Новости

Реклама