
- 27 апр. 2025 06:41
- 28
SCAT әуе компаниясына рейстің 8 сағаттан астам кешігуіне байланысты жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынды
SCAT әуе компаниясына рейстің 8 сағаттан астам кешігуіне байланысты жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынды. Күндізгі уақытта рейс кешіккеніне қарамастан, әуе компания жолаушыларды қонақ үйге орналастырмаған. Тек кешкі 22:00-де кезекші прокурор араласқан соң ғана демалуға жағдай жасалды. Бұған дейін 180 жолаушы күні бойы әуежайдың күту залында отырған.
Шығыс Қазақстан Көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылғанын анықтап, тексеру нәтижесінде авиакомпания ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде 1000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды.