Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Сен қанша тіл білесің?

Чажаева Айжан Сағымжанқызы

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

№ 39 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пәні: Қазақ тілі                Мерзімі:                                 Сыныбы: 9                         Мұғалімі: Чажаева А. С.

 

Сабақ тақырыбы:

Сен қанша тіл білесің?

 

Білімділік:

 

Дамытушылық:

 

Тәрбиелік:

Мәтіндер арқылы тіл үйрену жайлы ақпарат беруге төселдіру. Лексикалық тақырып аясында сөз тіркесін меңгерту.

Жаңа тақырып аясында топтық, жұптық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке машықтандыру.

Тілдік қатынас барысында тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

 

 

 

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

 

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тілдік үлгілер арқылы өзі білетін тілдер жайлы

айтады, ол жөнінде ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты қысқа сөйлемдерді қолдану арқылы өзі білетін, үйренгісі келетін тілді сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): өзі үйренуді армандайтын тіл жайлы сипаттама мәтін құрайды, сұхбаттасады.

 

 

 

 

 

Негізгі түсініктер:

Экзотикалық тілдер, таралым, мүмкіндігі кең тілдер, көптілді маман — полиглот,

шешен сөйлеу, қызыл тілдің иесі, ресми тіл.

 

 

Сабақта қолданылатын материалдар:

 слайда, А4 парағы, маркерлер

 

 

 

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, диалог,

«Шағын шолу» тәсілдері

 

 

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

 

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер  таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

 

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша

сұрақтарға жауап береді.

 

І. Қызығушылықты ояту

А) Миға шабуыл. Оқушыларға тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтар көрсетеді. Көрген суреттерін сипаттап берулерін сұрайды.

Ә) Тақтамен жұмыс. «полиглот» сөзіне класстер жасатады.

Слайдты сипаттайды.

 

 

Жазылым. Дәптерлеріне орындайды

 

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс.

Мұғалім тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді

тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.

Айтылым. Ауызша жаттығу жүргізеді.

 

3. Мәтінмен жұмыс.

А) Тыңдалым. Оқылым. Тілдесім.   Мәнерлеп, дұрыс оқуға, машықтандыру үшін    4-тапсырманы (диалог) орындатады.

 А) Тыңдалым. Оқылым. Тілдесім.   Диалогты тыңдайды, дұрыс оқуға,  тілдесімге машықтанады.

 

4. Жазылым. Айтылым.

Дарынды балалар ПОПС (4 сөйлем әдісі) стратегиясы      бойынша диалогті талдайды.

Үлгерімі төмен балалармен жұмыс. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырады.

 

Жазылым. Айтылым.

Дарынды балаарға арналған тапсырма:

Бірінші сөйлем «Менің ойымша... Көп тіл білу ...»

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...»

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …»

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...».

Үлгерімі төмен балалармен ға тапсырма: Қазақ халқы, адамның мүмкіндігі, газет оқу, жергілікті халық, мемлекеттік тіл, ресми тіл, менің ұлтым, арнайы курс.

 

5. Грамматика. Жазылым. 5- тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлемдерді сөз тіркесіне ажыратып жазады.

 

ІІІ. Ойтолғаныс

Жұптық жұмыс. Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін  «Жеңілдетілген анықтама» блиц ойынын ұйымдастырады. Шарты: әр жұпқа жаңа тақырып бойынша бір сөз беріп, оқушылардың әрқайсысына түсінікті болатындай сипаттап беруін сұрайды.

Әр жұп өзіне берілген сөзді түсіндіріп береді.

 

IV. Бекіту

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Диалогті толықтырады, орыс тіліне аударады.

 

   V. Бағалау

  Нормативтік бағалау. «Шағын шолу»

тәсілімен парақшалар таратады.

 Тақырып аясында өзінің есінде қалған

сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

 

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.

 

 

VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.

 


You Might Also Like

Новости

Реклама